00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық жас жігіт кеңседен ұялы телефон ұрлап кетті (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық жас жігіт кеңседен ұялы телефон ұрлап кетті (ВИДЕО)

Тергеу барысында анықталғанындай, күдікті кешкі уақытта Жансүгіров көшесінің бойындағы тағам жеткізумен айналысатын компанияның кеңсесінде жұмысшылардың жоқтығын пайдаланып, құны 70 мың теңге шамасында тұратын «Самсунг Галакси А40» маркалы ұялы телефонын ұрлап, содан кейін кеңседен шығып кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады, ұсталған азаматтың елорда аумағында бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Заттай дәлелдемелер алынды, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Полицейлер азаматтарды қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге және құнды заттарды қараусыз қалдырмауға ескертеді.