00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда ер адам жиенінің ноутбугін ұрлап кетті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда ер адам жиенінің ноутбугін ұрлап кетті

Тергеу барысында күдіктінің туыстарына қонаққа келгені анықталды. Содан кейін ол үйде жалғыз қалатын сәтті күтіп, жиеніне тиесілі «Lenovo» маркалы ноутбукті жасырын ұрлап кеткен. Содан кейін ноутбукті төмен бағамен ломбардқа өткізіп, бірнеше күнге басқа қалаға кетіп қалған. Күдіктіні келген бойда криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкіл қызметкерлері ұстады, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полицейлер сақ болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.