Елордада 41 жастағы ер адам бір қорап тауық етін ұрлады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Полицияға жеке кәсіпкер күндізгі уақытта Алаш тас жолы бойындағы базарда белгісіз тұлға бір қорап тауық етін ұрлағаны туралы арызданған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ қылмыс жасалған жердің аумағында орналасқан бейнебақылау камераларын қарау барысында қаскүнемнің жеке басын анықтады.
Белгілі болғандай, ер адам бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында бутиктерді жағалап жүрген. Бір қорап тауық етін байқап, сатушының алданып тұрғанын пайдаланған ер адам ұрлық жасаған.
Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды