Қызын ұрып өлтірген келіншек сотталды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Деректерге сәйкес, сотталушы 4 қаңтарда қызын ұрып, күшпен итеріп жібергенін, одан бала ішін үстелдің бұрышына соққанын анықтады. Қызда гематома пайда болған. Келіншек төрт күннен кейін ашу үстінде қызының ішінен тағы да жұдырықпен ұрған. Артынша оған қарамастан, үйден шығып кеткен. Сол күні бала алған жарақатынан 2,5 сағаттан кейін көз жұмған.
Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлімге іштегі жарақат салдарынан қан жоғалту себеп болған. Сот үкімімен қыздың анасы ҚР Қылмыстық кодексінің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды