Қарағандылық ер адам анасын пышақтап өлтірді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Сағат 07:55-те Гапеев көшесіндегі №29 үйдің пәтерлерінің бірінен әйелдің денесі табылды. Ол 70 жастағы үй иесі болып шықты. Деректер бойынша әйел бұрын ұсталған ер адамның анасы екені анықталды, – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адам бұрын ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша ұсталған. Ол үйдің ауласында тұрған тоғыз көліктің терезесін сындырған. Полиция кейін оны үйіне жіберген.
Криминалдық полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінен күдіктіні тауып, қамауға алды. Ол көршілеріне келтірілген шығынды өтеу үшін туған анасымен жанжалдасып, оны пышақтап кеткенін түсіндірді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды