00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Оралда қызды зорлаған такси жүргізушісі мен оның танысы 8 жылға сотталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Оралда қызды зорлаған такси жүргізушісі мен оның танысы 8 жылға сотталды

Орал қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қ. және П. есімді азаматтар ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігіне сәйкес (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған зорлау) айыпты деп танылды.

Олардың әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Сотта анықталғанындай, оқиға өткен жылы 8 тамызға қараған түні болды. «Индрайвер» қосымшасы бойынша такси шақырған 26 жастағы студент қызға келген автокөлікте жүргізушімен бірге жолаушы болған. Жүргізуші жолшыбай автокөлік есігін бекітіп тастап, қызды қала сыртына алып шығып, кезектесіп зорлаған. Сосын құс фабрикасы ауданындағы үйге әкеліп, зорлауды жалғастырған. Таңмен жүргізуші қызды жалдап тұратын пәтеріне әкеліп тастаған.

Кейін қыз полицияға жүгініп, 24 тамызда күдіктілер ұсталды. Олар Орал қаласының 31 және 29 жастағы тұрғындары болып шықты. Екеуі де үйленген, балалары бар.

Айыпталушылардың кінәлары жәбірленушінің, куәгерлердің сотқа берген жауаптарымен, оқиға орнын қарау кезіндегі хаттамамен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.