00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Қазақша сөйлеуді талап етті»: Такси жүргізушісі жолаушы қызды ұрып-соққан

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қазақша сөйлеуді талап етті»: Такси жүргізушісі жолаушы қызды ұрып-соққан

Жүргізушінің қызды ұрғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Автордың сөзінше, 26 жастағы әпкесі 22 мамыр күні түнде таксимен Алматыдан Өтеген батыр ауылына жетіп алмақ болған. Алайда жолда жүргізушінің жанындағы жолаушымен жанжалдасып қалған. Ол зардап шеккен қызды қазақ тілін білмейді деп айыптаған. 

Жеткен соң қыз жүргізушіден 500 теңгеден қалғанын қайтарып беруді талап еткен. Алайда жүргізуші түсінбейтін түр танытып, қыздан қазақ тілінде сөйлеуді сұраған. Нәтижесінде жүргізуші қызды көліктен күшпен шығарып, ұрып тастаған. Жүргізушіге қыздың қолын сындыруға жанында отырған жолаушы да көмектескен. Тек кездейсоқ куәгер полиция шақыратынын айтқан соң ғана тоқтаған дейді.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккен қыздан арыз түскен. 

Жолаушыға қол көтерген Іле ауданының 21 жастағы тұрғыны анықталды. Тиісті сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша тергеу жүріп жатыр, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.