Ақмола облысында әйел 5-қабаттан құлады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі қайғылы оқиға 23 мамырда болғанын мәлімдеді.
Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, көз жұмды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деді ПД баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар