00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақмола облысында жоғары сынып оқушылары 10 жасар балаға зорлық-зомбылық көрсеткен

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақмола облысында жоғары сынып оқушылары 10 жасар балаға зорлық-зомбылық көрсеткен

Облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

Полицияға WhatsApp мессенджерінде елорда маңындағы елді мекендердің бірінде тұратын 2012 жылы туған кәмелетке толмаған оқушыға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасалған бейнежазбаның таратылғаны жөнінде ақпарат келіп түскен. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі («жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша қылмыстық іс дереу басталып, тергелуде, –  деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция іс бойынша сот сараптамалары тағайындалғанын айтты.

Кәмелетке толмағандардан жауап алу заңды өкілдердің, педагогтардың, психологтардың және адвокаттардың қатысуымен жүргізіледі, - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстан Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.