Елордада сегіз жасар баланы көлік қағып өлтірді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кәмелет жасқа толмаған бала «ГАЗель» көлігінің астына түсіп қалған.
Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі Сусамыр көшесінің бойымен Малахов көшесіне қарай бара жатқан, ал жеткіншек жанында велосипед теуіп келе жатқан.
Алған жарақаттары салдарынан сегіз жасар бала оқиға орнында қаза тапты, – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, - деді астаналық полицейлер.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды