00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жетісайлық жігіт жездесінің үш қошқарын ұрлап кеткен

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жетісайлық жігіт жездесінің үш қошқарын ұрлап кеткен

Жетісай аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның сөзінше, әлдекім түнгі уақытта қорасынан үш қошқарын ұрлап кеткен. Шығын көлемі – 180 мың теңге. Күдіктіні анықтау мақсатында жетісайлық тәртіп сақшылар оқиға орнына барып, ауылдастардан жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерген. Нәтижесінде, олар видеодан күмәнді көлікті тауып, күдіктіні ұстады. Ол арыз түсірген азаматтың қайын інісі болып шыққан.

Белгілі болғандай, күдікті бұл қылмысты танысымен бірге жасаған. Яғни, ол жездесінің үйінде ақыға жұмыс істепті. Алайда олардың арасында ақшаға қатысты түсінбеушілік туындаған. Ал қайын інісі ақшаның орнына деп жәбірленушінің қошқарларын алып кеткен екен. Олар малдарды сатып, ақшасын жаратып жіберген, – дейді полицейлер.

Қазіргі таңда екі күдіктіге қатысты жинақталған құжаттар сотқа жолданған.