00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Креатив»: Әйелімен ренжісіп қалған павлодарлық татуласу үшін полиция шақыртқан

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Креатив»: Әйелімен ренжісіп қалған павлодарлық татуласу үшін полиция шақыртқан

Polisia.kz-тің жазуынша, Павлодар қаласының тұрғыны әйелімен татуласудың «креативті» тәсілін ойлап тапқан. Ер адам отбасылық жанжалдан кейін полицияға қоңырау шалып, әйелін ақша ұрлады деп айыптаған.

Толстой көшесіне шақыртуға шыққан учаскелік полиция инспекторы ешқандай ұрлықтың болмағанын анықтады.

47 жастағы павлодарлықтың әйелі отбасылық жанжалдан кейін ата-анасына кетіп қалған. Ер адам мас күйінде полицияға қоңырау шалып, 500 мың теңге көлемінде қаражаттың жоғалғаны туралы хабарлап, осындай ерекше тәсілмен әйелін қайтармақ болған, – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мұны әйелі елемей, ата-анасының үйінде қалған. Полицейлер ер адаммен мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізді.

Ер адам түзеліп, әйелімен татуласуға уәде берді.