Елордада бұзақы аялдаманың әйнегін сындырып тастаған
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Полицейлер 32 жастағы қала тұрғынын ұстаған. Ол мас болғанын айтып, ақталыпты.
Оқыс оқиға Бөгенбай батыр даңғылында түнгі сағат 00:39-да болған. Белгісіз ер адам аялдамаға жақындап, қолындағы затты лақтырып, әйнекті сындырған.
Ол жердегі тас төсеменің бір түйіршігін алып, аялдамаға қарай лақтырып, қашып кеткенін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды