00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 88 жастағы қарияны тонап кеткен

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 88 жастағы қарияны тонап кеткен

Зейнеткер полицияға шағым түсіріп, түнгі уақытта белгісіз біреудің өзін тонап кеткенін мәлімдеген.

Белгісіз біреу түнгі уақытта зейнеткердің есігін қаққан. Қария есікті ашқан бетте соққы алған. Ұры зейнеткерден алтын жүзігін шешіп алған. Әрі қарай бөлмеге кіріп, тағы бір алтын жүзікті алып кеткен, - деді полициядағылар.

Анықталғандай, күдікті Затаевич көшесінде жалдамалы пәтерде тұрған. Қарама-қарсы пәтерде қарияның жалғыз тұратынын білген ол үйді тонамақ болған. 

Полицейлер 28 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп үлгерген. Бұған дейін де ұрлық үшін сотты болған. 

Нұр-Сұлтан полициясы азаматтарға, әсіресе қарияларға сыртқы есікті құлыптау керегін ескертеді. Пәтерге бөтен адамды кіргізбеңіздер, - дейді Сарыарқа аудандық полиция басқармасының басшысы Қуаныш Орынбетов.