00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда жас жігіт тыржалаңаш күйде әуежайға кіріп кеткен (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда жас жігіт тыржалаңаш күйде әуежайға кіріп кеткен (ВИДЕО)

1997 жылы туған ол полицейлердің қолына түскен. Тексеріс нәтижесінде оның мас болғаны анықталған. 

Тексеріс нәтижесінде бұл азаматтың 6 сәуір күні 00:10-да киімін шешіп, Алматы қаласындағы әуежай аумағына кіріп кеткені нақтыланды. Ол терминал маңындағы қоршаудан секіріп өтіріп, ұшу алаңына қарай жүгірген. Мұнда ер адамды Әуе қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұстады, - делінген полиция хабарламасында. 

Полицейлер медицина сараптамасы нәтижесіне сәйкес ер адамның жеңіл деңгейде мас болғанын мәлімдеді. 

Оған қатысты Әкімшілік кодекстің 440-бабы, 434-бабы және 564-бабының 4-бөлігіне сәйкес бірден үш әкімшілік хаттама толтырыған. Әкімшілік материалдар сотқа жіберілген.