00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Аузынан атқан»: Дәрігердің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Аузынан атқан»: Дәрігердің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

«Астана» телеарнасы Юрий Шумков дүйсенбі күні әдеттегідей үйінің маңындағы тұраққа келіп, көлігін оталдырған оған алдымен алыстан оқ атылғанын айтты. Кейін қаскөй өз құрбанының аузынан тағы бір рет атқан. Жаралы дәрігерді алғашқылардың бірі болып көрген тұрақ күзетшісі Садықжан Юлдашев екен.

Атыс дауыстарын естідім. Келдім, барлық жер қан болды. Тіпті бастапқыда кім екенін танымай қалдым. Дәл аузынан атып кеткен. Беті толығымен қан болды, – дейді күзетші Садықжан Юлдашев. 

Оқи отырыңыз: Алматыда кек алмақшы болған емделуші дәрігерді атып өлтірді

Куәгерлер екі рет атқан соң да дәрігердің тірі болғанын айтады. Ал қаскөй қылмыс орнынан кетуге асықпаған. Жолда оны көк түсті көлік күтіп тұрыпты. 

Алдымнан қарумен жүгіріп өтті. Күтіп тұрса керек, көлікке мінді де кетіп қалды. Тек мемлекеттік нөмірін көріп үлгердім. Көк түсті көлік, нөмірі 309, –  деп қосты Садықжан Юлдашев. 

Қылмыскерге бірден іздеу жарияланған. Қалада арнайы тұтқындау жоспары жарияланып, бірнеше сағаттан соң күдікті қолға түсті. Ол 35 жастағы қала тұрғыны екен. Полицейлер күдіктінің дәрігерде қаралған науқас болуы мүмкін екенін алға тартты.

Қылмысқа не себеп болғаны анықталып жатыр. Ер адамның дәрігерде ем қабылдаған науқас болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Қолында қару болған. Тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Марқұмның әріптестері қай науқастың мұндай қылмысты жасауы мүмкін екенін білмейді. Юрий Шумков өз ісінің маманы болған. Гастроэнтерология институты басшысының сөзінше, ешкіммен жанжалға түспеген. 

Бізге психосоматика бойынша ем алуға келеді. Мүмкін психикасы бұзылған шығар. Алайда тізімнен мұндай науқасты таппадық. Керемет дәрігер еді. Емдеген науқастары өте көп. Барлығы тек оң пікір қалдыратын. Жаулары жоқ. Себебі үнемі көңілді жүретін адам еді, – деді Гастроэнтерология институтының директоры Ләйлә Ташенова.

Марқұмның артында екі баласы қалды. Қазір қылмыстық іс қозғалған. Қылмысы дәлелденсе, тұтқындалған азамат 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.