Жалдамалы жұмысшы пәтер жөндеу кезінде ұрлық жасаған
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Жас жігіт 10 күн бойы Сарайшық көшесіндегі жәбірленушінің үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жөндеу жұмыстары кезінде ол теледидар, кронштейн және ұялы телефонды ұрлап, кейін ломбардқа өткізген, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 24 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері ұрланған заттарды ломбардтан тәркіледі.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады, бұған дейін елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды