Елордада мас күйде көлік айдаған әйел ұсталды (ВИДЕО)
Жүргізушілердің масаң күйін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізуге наркология орталығына жеткізілген.
Бұрын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде көлік құралын жүргізген 1 жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке, бұрын басқару құқығынан айырылған 1 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Коммуналдық тұраққа 65 автокөлік орналастырылды, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Осы жылдың 22 наурызында полиция қызметкерлері түнгі уақытта Сауран көшесінде 38 жастағы ханым тізгіндеген «Lexus RX 350» маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде әйелден алкогольдің иісі шыққан. Көлік құралын басқарудан шеттете отырып, оған белгіленген тәртіппен медициналық куәландырудан өту ұсынылды.
Сол түні сағат 05.50-де полиция қызметкерлері мас күйінде болған Жамбыл облысының 20 жастағы тұрғынының басқаруындағы "BMW 525" автокөлігін тоқтатты.
Медициналық куәландыруға сәйкес екі жүргізуші де көлікті жеңіл дәрежеде мас күйінде басқарған. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, автокөліктер коммуналдық тұраққа қойылды. Әкімшілік соттың шешімімен жүргізушілер 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.