Қарағанды облысында тәрбиеші балаларды желкесінен ұрған (ВИДЕО)
Бейнежазба Instagram желісіндегі skandal_krg парақшасында жарияланған.
NUR.KZ мәліметінше, кадрлардың Қарағанды облысы Абай қаласының балабақшасындағы бөбектер тобында түсірілгені көрсетілген. Жазбаны осы топқа баратын баланың анасы жіберген.
Бүгін бейнебақылау камерасындағы видеоларды көріп, болған жайттан есеңгіреп қалдық, - делінген жазбада.
Бейнежазбаға қатысты Қарағанды облыстық Полиция департаменті пікір білдірді.
Факті бойынша қазіргі уақытта зардап шеккендер мен оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, - деп хабарлады ведомстводан.
Оқиғаға қатысты Абай аудандық білім бөлімі де пікір білдірді.
Оқиға болған балабақша жекеменшік мектепке дейінгі мекеме және Абай аудандық білім бөлімінің қарамағында емес. Жеке балабақша 2021 жылғы ақпан айында 550 орынға ашылған. Аталған факті бойынша комиссия құрылды, нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады, - деді ведомстводан.