Екі адамды өлтіріп, елордада тығылып жүрген ресейлік ұсталды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Қылмыстық қудалаудан жасырынған қылмыскер 25 жылдан астам іздеуде болған.
Ол 1997 жылғы тамызда Ресейдің Ростов облысында өзінің сыбайласымен екі адамды өлтірген. Қылмыс көлікті иемдену мақсатында жасалған.
Ұсталған азаматқа Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігі бойынша екі адамды өлтірді деген айып тағылған.
Қазіргі уақытта айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды