«Көзіме шөп салды»: Вахтадағы жұмысынан оралған ер адам әйелін өлтіріп тастады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Polisia.kz сайтының мәліметінше, ер адам әйелі көзіне шөп салды деп ойлаған. Олар Талғар ауданында тұрған, кәмелетке толмаған екі баласы бар. Вахтада жұмыс істейтін ер адам үйінде айлап болмайтын. Кезекті іссапарынан кейін үйіне оралған ер адам әйелі мас екенін, балалары аш жатқанын көрген.
Ашуланған ер адам жанжал шығарып, әйелі көзіне шөп салғанын айтып, соққыға жыққан. Әйел адам ауруханаға жеткізілген, бірақ ол есін жимастан қайтыс болған.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу үшін барлық қажет сараптама тағайындалды, - деді Талғар аудандық полициясының тергеушісі Әлішер Ерланов.
Ұсталған ер адам Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды