00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ет өзі келді»: Ақмола облысында қабандар ауылға кіріп кетті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Ет өзі келді»: Ақмола облысында қабандар ауылға кіріп кетті

Sputnik Қазақстан жазуынша, видеоны тұрғындар таратқан. Кадрда үш қабанның ғимарат қоршауының жанында жүргенін көруге болады. Олардың бірі көлікте отырған видео авторына қарайды.

Кимадағы нағыз жабайы қабандар жүр. Өрт сөндіру бөлімінің жанында, - дейді автор.

Желі қолданушылары «аң аулауға барудың қажеті жоқ, ет өзі келді» деп жазады. Қалжыңдағанымен, тұрғындар жануарлар тістеп алады деп те алаңдаған.

Әкімдіктің баспасөз қызметі жабайы аңдар ауылда болғанын растады. Бұған дейін бұл ауылға қабандар келмеген.

Олар ауылға кіріп, қайта кетіп қалды. Ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ. Трагедия болмас үшін оларды ауылдан шығарып жіберді. Ауыл әкімі «Охотнадзор» және Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына хабарлады, - деді Жақсы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Жаңабергенова.