Өскеменде 7 жасар баланы иттер талап өлтірді
Онда оқиға қаладағы бау-бақша серіктестерінің бірінде болғаны айтылған. BAQ.KZ-тің жазуынша, бұған қатысты Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті пікір білдірген.
Біз, Лесхоз ауылындағы «Надежда», «Эдельвейс» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары тиісті органдардың назар аударуын сұраймыз. Бүгін иттер жеті жасар баланы талап тастады. Біз қоқыс тастайтын қауіпті аймақта тұратындықтан үнемі қаңғыбас иттердің шабуылына тап болып отырмыз, - деп жазылған жергілікті тұрғындардың хабарламасында.
Бұған қатысты Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті пікір білдіріп, өткен жылдың 17 желтоқсанында Ертіс полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Сот сараптамасы тағайындалғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.