00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Томирис Байсафаның өлімі: іс қайта қаралады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Томирис Байсафаның өлімі: іс қайта қаралады


Бұл қылмыстық іс бойынша Дағыстанның бұрынғы лауазымды шенеунігінің ұлы Муртузали Меджидов қайтадан сот алдында жауап береді.

Меджидов Муртазали Мухтаровичтің ісі бойынша алдын ала сот отырысы 9 ақпанда өтеді, – делінген ақпаратта.

Бастапқыда бұл істі Мәскеудің Никулин соты қарауы керек еді, бірақ Бас прокуратура материалдарды басқа сотқа жіберуді сұрады. Нәтижесінде Мәскеу қалалық соты Измайловский сотын таңдады.

Бас прокуратура Никулин сотының объективтілігі мен бейтараптығына күмән келтіруі мүмкін жағдайлар туралы хабарлады, бірақ нақты ештеңе айтылмады. Бұған дейін 2021 жылдың жазында алқабилер Томирис Байсафаның өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген Дағыстандағы бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік Мұхтар Меджидовтың ұлы Муртузали Меджидовқа ақтау үкімін шығарған.

Алайда Мәскеу қалалық соты бұл үкімнің күшін жойып, қылмыстық істі қайтадан қарауға шешім шығарды.

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға 2018 жылғы сәуірде болған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қарым-қатынастар институтында оқыған 21 жастағы қазақстандық студент Томирис Байсафа оқу орнының төртінші қабатындағы терезеден құлап кетті.

Бойжеткен Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтының ауруханасына жеткізілгенімен, көп ұзамай көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. БАҚ хабарлағандай, Томирис пен Муртузали кездесіп жүрген.

Муртузали Меджидов – дағыстандық танымал саяси қайраткер әрі бизнесмен Мұхтар Меджидовтың ұлы.