Нұр-Сұлтанда ноутбук ұрлаған күдікті ұсталды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Тергеу барысында анықталғанындай, ер адам «Гарант» сауда үйіне кіріп, жабық тұрған бутикті байқап, есігін бұрағышпен ашып құны 90 мың теңге тұратын «Асер» маркалы ноутбугын жасырын ұрлап кеткен.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті сауда нүктелерінің иелеріне қырағы болуға және дүкендерде ұрлықтан қорғау шараларының кешенін енгізуге кеңес береді.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды