Астанада көрпе тысымен 9-қабаттан түспек болған ер адам қаза тапты
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
26 қаңтар күні полицияға Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйден ер адамның құлағаны туралы хабар келді. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамның денесін тапты. Анықталғандай, ер адам 9 қабаттан жерге түспек болып, құлап кеткен, – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ Полиция департаментінен оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.
Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар