Ақтөбеде аса ауыр қылмыс жасаған күдікті қашып кетті
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Құқық қорғау органдарында ер адамның әлі қолға түспегенін айтты. Күдіктінің қалай қашқаны жайлы нақты дерек бермеді.
1973 жылы туған М.Айтқалиев 23 қаңтар күні таңертең қашып кеткені жайлы ақпарат тараған.
Ол аса ауыр қылмыстарда күдікті деп танылған. Айтқалиевті медициналық көмек көрсету үшін тергеу изоляторынан жедел жәрдем ауруханасына апарған. Күдікті мекемеден сырт киімсіз қашып кеткен.
Полицейлердің дерегіне сүйенсек, ол жағасы бар қалың жемпір, сұр түсті футболка және қара түсті шалбар киген. Аяқ киімі де қара түсті.
Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам процедура кезінде дәрі тамызғышпен бірге қашқан. Денесінде пышақ жарақаттарынан кейін қалған тыртықтары бар.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды