00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Темір жол апатынан тоғыз адам қаза болды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Темір жол апатынан тоғыз адам қаза болды

Оқиғадан тағы 45 жолаушы түрлі жарақат алған. Олардың 10-ы ауыр халде жатыр.

Белгілі болғандай, Батыс Бенгалия штатында жолаушылар пойызының 12 вагоны шойын жолдан шығып кеткен.

Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. Қазір апат орны қоршалды. Құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр.

Мамандар вагон ішінде тағы адам болуы мүмкін дейді.

Ал жергілікті билік апаттан қаза тапқандардың отбасыларына 6 мың 700 доллар, ал жарақат алғандарға 1 мың 300 доллар жәрдемақы төленетінін хабарлады.