Жамбыл облыстық ПД басшысы қайтыс болды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
Жанат Сүлейменовтің қайтыс болғаны рас. Бірақ қандай жағдайда қайтыс болғаны анықталып жатыр, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Жанат Сүлейменов 1962 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді. Түрлі жылдары есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеттерді, криминалдық полицияны, көліктегі полиция департаменттерін, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарын басқарды. 2017-2019 жылдары Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Жанат Сүлейменов 2020 жылдың ақпан айында Қордай ауданындағы оқиғалардан кейін тағайындалған еді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды