Елімізде «күдікті қызмет» түсінігі заңдастырылады
28 мамыр, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Заң жобасында «күдікті қызмет» түсінігі қамтылған, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәжіліске сілтеме жасап.
Ол трансферттердің жиілігімен, көлемімен және бағытымен анықталады. Мысалы, күн сайын бір есепшотқа бірдей сома аударылады. Мұндай мәмілелер тексеріледі және олар бойынша одан әрі жұмысты Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізеді.
Бұл ретте қаржылық мониторинг субъектілері уәкілетті органға күдікті қызмет туралы хабарлар жіберуге міндетті.
Сонымен қатар түзетулер «мінсіз іскерлік бедел» түсінігін күшейтеді. Яғни, бұрын әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға ықпал еткен жеке тұлғалармен байланысы бар кандидаттар енді қаржы ұйымының басшысы лауазымына үміткер бола алмайды.
Ұқсас жаңалықтар

30 маусым, 2025
Ерлан Қошанов: Несие аларда «салқын ақылға салып» ойлануға 24 сағат уақыт беріледі

30 маусым, 2025
Депутаттар тұрғын үй алуға құқы бар азаматтардың санатын кеңейтті – Мәжіліс төрағасы

30 маусым, 2025
Түсінікті Салық кодексі қабылданды– Ерлан Қошанов

30 маусым, 2025
«Әлеуметтік саясат - мызғымас басымдық»: 8-сайланған депутаттардың ІІІ сессиясы аяқталды