Республикалық «Жанымызда батырлар – еңбек адамдары» балалардың сурет байқауы басталды


Оқу-ағарту министрлігінің республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығы және Kazakhmys корпорациясы «Жанымызда батырлар – еңбек адамдары» балаларға арналған сурет байқауының басталғанын мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Байқауға еліміздің барлық мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың еңбекке және жұмысшы мамандығындағы адамдарға деген құрметін қалыптастыру, сондай-ақ қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашу. Әсіресе, бала туындысында өндірістік мамандықтарға ерекше назар аударылуы тиіс.
Қатысу шарттары қарапайым:
- жұмысшы мамандығының кейіпкерін салу суреттерді Instagram-ға #ЖанымыздаБатырлар және #ЖұмысшыМамандықтарыЖылы хэштегтерімен жариялау;
- @kazakhmys.news және @rumcdo_official аккаунттарын белгілеу;
- өтінішті konkurs_parlament@mail.ru поштасына жіберу.
Әр орынға бағалы сыйлықтар қарастырылған, ал үздік 10 жұмыс қала көшелерінде билбордтарға ілінеді.
Қорытынды 19 маусымда ziyatker.org сайтында жарияланады.



