Қазақстанда жылу энергетикасы саласындағы мамандықтарға сұраныс артты

Бүгін, 14:59
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views65
Қазақстанда жылу энергетикасы саласындағы мамандықтарға сұраныс артты
Фото: primeminister.kz

Жылу энергетикасы саласына мамандар қайта оралып жатыр. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, биыл жылу энергетикасы саласындағы мамандықтарға түскен түлектер саны рекордқа жеткен.

«Біз соңғы екі жылда энергия өндіретін кәсіпорындардағы орташа жалақыны 420-450 мың теңгеге дейін көтердік, осылайша мамандардың кетуі тоқтады. Биыл Ғылым және жоғары білім министрлігімен гранттар бойынша жұмыс істеп, АЭБУ-ға (Алматы энергетика және байланыс университеті) алғаш рет 200 студент түсті. Бұлай ешқашан болған емес. Сондықтан, салаға мамандарды қайта оралту үшін жақсы факторлар бар. Әрине, жақсы энергетикті бірнеше жыл баулу қажет. Бұл үрдіс біздің бақылауымызда болады, менің ойымша, кадрлық әлеуетті қалпына келтіру басталды», - деп атап өтті Сұңғат Есімханов.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды.