Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды

фото: dimashnews.com
22 шілдеде Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында «Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалінің ғаламат финалы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Dimashnews.com жазуынша, Фестивальдің жабылу салтанатында Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың жарлығына сәйкес, Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағымен марапатталды.
Марапатты Димашқа мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің қатысуымен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады.
Ұқсас жаңалықтар

21 қазан, 2025
Елордада Astana Art Fair 2025 заманауи өнер көрме-жәрмеңкесі өтеді

20 қазан, 2025
177 жүлде: Қазақстандық кино әлемдік экрандарды бағындырып жатыр

18 қазан, 2025
«Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» атты гала-концерт өтті

15 қазан, 2025
Қазақстандық «Бірлік» ансамблі Парижде өнер көрсетті