Әскери-тарихи музей Наурыз мейрамына арналған көрме өткізді
Мемлекеттік әскери-тарихи музейде Ұлыстың ұлы күні – күн мен түн теңелетін көктем мерекесіне арналған экспозиция таныстырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Көрменің басты мақсаты – дәстүрлі нақышта безендірілген киіз үй үлгісі болды. Қабырғалары ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген қазақы үйдің кестелі сырмақтары, оюлы текеметтері, оған қоса музыкалық аспаптар мен қалқан, қылыш, жебе сияқты бес қарулары еріксіз көз тартады.
Наурыз – жаңару мерекесі. Тақырыптық экспозиция ата-бабаларымыздың тарихымен танысып, мәдениеті мен тұрмысы туралы кеңірек дерек алуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің бастығы Ләззат Әлжан.
Музейге келушілер үшін киіз бен кенептен жасалған бұйымдар, мүсіндер мен ағаш фигуралар қойылған. Ұлттық киім үлгілері, сондай-ақ ежелгі зергерлердің қолынан шыққан әйелдердің сәндік бұйымдары көз тартады.
Авторлардың "Бостандық", "Көктем", "Қарлығаштар", "Ұзату", "Қобыз", "Той", "Сұлу қыз" сияқты жұмыстары келушілерге көңіл-күйін мерекелік сыйлайды.