Биыл Kids Go Free арқылы қанша балаға тегін авиабилет беріледі
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
Өткен жылы Kids Go Free бағдарламасын 700 отбасы пайдаланды, 1,5 мың бала ұшақпен тегін ұшты. Өз кезегінде министр Асхат Оралов Kids Go Free бойынша мың жарым баланың өте аз екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Кем дегенде 2-3 мың бала бұл жеңілдікті пайдалануы керек. Маркетинг пен жарнаманы көбейту керек, өйткені көптеген адамдар бұл бағдарлама туралы білмейді. Ел ішінде ресми операторлар арқылы тур сатып алған отбасылардың балаларына тегін авиабилет беріледі. Мұнда барлық заң талаптары сақталуы керек. Төлем мерзімін 6 айдан 6 жұмыс күніне қысқарту қажет. Бұл ел ішіндегі отбасылық демалыс мүмкіндіктерін кеңейтеді, - деді Асхат Оралов.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елордада әлеуметтік жобаларды этикалық тұрғыда қалай жариялау қажеттігі түсіндірілді
21 қараша, 2024
«Еуразия» кинофестивалінде «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі
19 қараша, 2024
Мысырды билеген Шеркеш сұлтандары туралы кітап жарыққа шықты
19 қараша, 2024
XVII «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне 15-тен астам ел қатысады