00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Иманбек жыл музыканты атанды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Иманбек жыл музыканты атанды

MTV Россия телеарнасы 2021 жылдың музыканттарын жариялады. Үздік ондыққа қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) енді.

Жылдың үздік он музыканты: Мари Краймбери, Slava Marlow, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu, Анет Сай.

Еске сала кетейік, қазақстандық Иманбек Зейкенов 2019 жылы SAINt JHN – Roses әнінің ремиксін жазып, әлемге танымал болды.

Композиция әлемдік чарттарда бірінші орынды иеленді. Иманбек қазақстандықтардың арасында алғаш болып "Грэмми" сыйлығын алды.