Түрік телеарнасы қазақстандық фильмнің желісімен сериал түсіреді
Ыстамбұлда өткен Korkut Ata Turkic World Film фестивалінің шымылдығын ашқан «Томирис» фильмі түрік жұртшылығына жақсы таныс. Қыркүйек айында массагеттер ханшайымы туралы кинотуынды Түркияда 200-ден астам кинотеатрда көрсетіліп, көрерменнің үлкен қызығушылығын тудырды.
Түркияның мәдениет және туризм министрлігі алғаш рет ұйымдастырған Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестиваліне 13 елден 42 кинокартина қатысты. Байқау бағдарламасында «Қазақфильмнің» туындылары, оның ішінде режиссер Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи фильмі, режиссер Бақыт Қайырбековтың «Огонь, мерцающий в сосуде» деректі фильмі, режиссер Адай Әбелдиновтың «Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі, режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» кинотуындысы және т.б. көрсетілді.
Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі кезінде «Қазақфильм» киностудиясы Түркі әлемі кинематографиясына қосқан үлесі үшін арнайы сыйлықпен марапатталды. Киностудия президенті Ақан Сатаевқа Respect Award атты жүлдені белгілі түрік актрисасы Фахрие Эвджен табыстады.
Келесі жылы аталған фестиваль Түркияның Бурса қаласында өтеді. Ал 2024 жылы оны Қазақстанда өткізу жоспарланып отыр.