00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Серік Сәпиев туралы фильмнің трейлері шықты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Серік Сәпиев туралы фильмнің трейлері шықты

Мемлекеттің қаражатына түсіріліп жатқан киноның тұсаукесері 2020 жылғы Олимпиада қарсаңында өтуі керек еді. Алайда, пандемияға байланысты картина бір жыл кешігіп жарыққа шықпақ.

Фильм сюжеті екі дүркін әлем чемпионы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогінің иегері Серік Сәпиевтің өмірі мен спорттық жолына құрылған. Спорт саңлағының рөлін Смадияр Сабыров есімді жас актер сомдап шыққан. Ол кастинг арқылы таңдалыпты. Киноға кеңесші ретінде Серік Сәпиевтің өзі қатысқан.

«Боксшы» аты кинофильмінің режиссері – Ақан Сатаев. Туынды желтоқсан айынан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бастайды.

Фильм трейлерін Серік Сәпиев өзінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жүктеді.