Елордада «Менің Отаным-Қазақстан» мәнерлеп оқу байқауы өтті
Аталған байқау ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ҚХА қолдауымен және «Юнчи» дүнген этномәдени орталығының ұйымдастыруымен болды. Ондағы мақсат – қазақ тілі мен поэзиясына қызығушылықты арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Байқауға этномәдени орталықтың 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалары қатысып, қазақ тілінде өлеңдер оқып, әр қатысушы жақсы өнер көрсеткен.
Кеш соңында Нұр-Сұлтан қаласы «Юнчи» этномәдени орталығының төрайымы Зульфия Месировна Муханзаева барлық қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, балалардың қазақ тілін меңгеруінің жоғары деңгейін атап өтіп, мемлекеттік тілді үйренуге шақырды.
Конкурс қорытындысы бойынша:
Кіші топ
1 орын Хава Амира
2 орын Идырова Эльвира
3 орын Марасулова Айлин
Үлкен топ
1 орын Идыбо Алишер
2 орын Идыбо Абдрахман
3 орын Идыров Ринат
Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз!