Бейсен Құранбек атындағы байқауда тек редакторлар жеңімпаз болды
«Өз басым Бейсен бауырыздың осы өмірде қалдырған еңбегі еленіп қоймай, осындай бауқау арқылы жаңғырып жатқанына қуаныштымын. Байқауға қатысушылардың дені жастар болды. Расы керек, жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Барлығы 100 өтініш келіп түсті. Бейсеннің бағдарлама жүргізгенде өзіндік принциптері болды. Оның сөйлеу мақамы, өзін ұстауы, журналистік этикасы – тұтас бір дүние. Бейсен негізінен әлеуметтік бағдарламаларды жүргізгеннен халыққа жақын болды, қайырымдылықпен айналысты. Байқау барысында аймақтағы тілшілерге мән беріп, қолдау көрсетуге тырыстық», - деді тележурналист Арман Сқабылұлы.
Сонымен, Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауынан І орынды Jetisy телеарнасының редакторы Сәния Байтарова, ІІ орынды Aqtobe телеарнасының редакторы Ерлан Мұқанов иеленсе, ІІІ орынға «Qazsport» телеарнасының редакторы Индира Бектенова табан тіреді.
Жеңімпаздар дәстүрлі «Astana Media Week – 2021» медиа апталығының ашылуы салтанатында марапатталды.