Енді кедергі келтіріп тұрған көлік иесіне аноним хабарлама жіберуге болады
1 сәуір, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Бұдан былай кез келген азамат мемлекеттік нөмір арқылы көлік иесіне аноним хабарлама жібере алады. Бұл қызмет туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Егер сіз терезесі ашық қалған немесе өтуге кедергі келтіріп тұрған көлікті байқасаңыз, мемлекеттік нөмірді теріп, қажетті тетікті таңдасаңыз жеткілікті. Көлік иесіне анонимді хабарлама жіберіледі. Бұл сервис өзара көмектесудің әрі азаматтық жауапкершіліктің құралына айналады деп сенеміз», – деді министр Үкімет отырысында.
Аталған цифрлық қызметті енгізу жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:38
Үкімет «Маңғыстау» туристік аймағын дамытуға арналған жоспарын бекітті

Бүгін, 09:01
Жамбыл облысындағы ауруханаларды реконструкциялауға 2,4 млрд теңге бөлінді

4 тамыз, 2025
Орал қаласының жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлінді

31 шілде, 2025
Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салады