Теннистен Билли Джинг Кинг кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

22 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Теннистен Билли Джинг Кинг кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Фото: ktf.kz

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйекте теннистен Билли Джин Кинг кубогының қорытынды кезеңі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихында үшінші рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңінде ойнайды. 

Қазақстандықтар 18 қыркүйек күні ширек финалда АҚШ құрамасымен сынға түседі. 

Аталған турнирде Қазақстан намысын мына теннисшілер қорғайды: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина, Жібек Құламбаева. Құрама капитаны Юрий Щукин.

АҚШ құрамасы: Джессика Пегула, Мэдисон Киз, Эмма Наварро, Хейли Баптист, Тейлор Таунсенд. Команда капитаны Линдси Дэвенпорт.