Талдықорғанда мыңнан астам вейп тәркіленді
10 қыркүйек, 2024


Фото: Оңалхан Өнерхан
Талдықорған қаласында Жетісу облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп темекі шегілмейтін темекі өнімдерін және вейп сияқты электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Polisia.kz жазуынша, жедел іс-шаралар барысында, соның ішінде бақылап сатып алу кезінде екі ер адам ұсталды. 18 жастағы курьер және 22 жастағы сатушы заңсыз сауда жасаған.
Санкцияланған тінту нәтижесінде құқық қорғау органдары 1284 вейп тәркіледі. Бұл осы өнімдердің заңсыз айналымының едәуір көлемін көрсетеді. Вейптердің жалпы сомасы – 7млн теңге.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:59
Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен қамауға алынды (ВИДЕО)

Бүгін, 09:37
Астана-Петропавл тас жолында үш адам қаза тапты

1 тамыз, 2025
«Қаншама былық»: адвокат Мейірман Шәкеев бельгиялық қазақ Жәнібек туралы айтты

1 тамыз, 2025
Колледж студенттері психотроптық заттарды сатқаны үшін бас бостандығынан айырылды