Түркістан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
19 қараша, 2024


фото: Түркістан облысы ПД /facebook
Түркістан облысы «Жетісай-Жібек Жолы» тас жолында болған жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«ВАЗ» маркалы автомобиль мен «Вольво» жүк көлігі соқтығысып, соның салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен жеңіл автокөліктің үш жолаушысы қаза тапты.
«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және облыс жолдарында мұқият болуға шақырады» - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар

1 тамыз, 2025
«Қаншама былық»: адвокат Мейірман Шәкеев бельгиялық қазақ Жәнібек туралы айтты

1 тамыз, 2025
Колледж студенттері психотроптық заттарды сатқаны үшін бас бостандығынан айырылды

1 тамыз, 2025
Шымкентте азаматтарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

1 тамыз, 2025
Шымкентте кәмелетке толмаған екі қыз жыныстық зорлықтың құрбаны болған