Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
17 желтоқсан, 2024


Фото: Қостанай облысы Полиция департаменінен
Оқыс оқиға кеше түстен кейін Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты Герцен ауылына жақын жерде, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының бойында болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жол апатында ауыр жарақат алған үш адам сол жерде көз жұмды, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазір полиция тергеуді бастады», - деп хабарлады Қостанай облысы Полиция департаменінен.
Айта кетейік, жол апатында Volvo мен Toyota Alphard көлігі бір-біріне соғылған.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:59
Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен қамауға алынды (ВИДЕО)

Бүгін, 09:37
Астана-Петропавл тас жолында үш адам қаза тапты

1 тамыз, 2025
«Қаншама былық»: адвокат Мейірман Шәкеев бельгиялық қазақ Жәнібек туралы айтты

1 тамыз, 2025
Колледж студенттері психотроптық заттарды сатқаны үшін бас бостандығынан айырылды