Аялдамада қызды тонап кеткен елордалық анықталды
11 қыркүйек, 2024


Оңалхан Өнерхан
Аялдамада қызды тонап кеткен астаналық жігіт анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жас қыз аялдамада автобус күтіп тұрған кезде, велосипедпен келе жатқан жігіт кенеттен оның қолынан iPhone телефонын жұлып алып, жасырынған.
Тосыннан орын алған оқиғадан кейін қыз орнында тұрып қалған, содан кейін полициядан көмек сұрап жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жас жігітті анықтады. Белгілі болғандай, ол іс-әрекетінің салдарынан қорқып, ұрланған телефонды сындырған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:59
Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен қамауға алынды (ВИДЕО)

Бүгін, 09:37
Астана-Петропавл тас жолында үш адам қаза тапты

1 тамыз, 2025
«Қаншама былық»: адвокат Мейірман Шәкеев бельгиялық қазақ Жәнібек туралы айтты

1 тамыз, 2025
Колледж студенттері психотроптық заттарды сатқаны үшін бас бостандығынан айырылды