Ақтауда бес күннен бері 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
21 қазан, 2024


фото: Волонтерлерден
Ақтау қаласының маңында 15 жастағы қыз бала колледжге кеткеннен кейін қайта оралмаған, деп хабарлады Elordainfo.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Волонтерлердің мәліметінше, Нұрсая Құралбаева 15 қазан күні таңғы сағат 08:00 шамасында Ақтаудағы политехникалық колледжге оқуға кеткен. Ол Мұнайлы ауданындағы Бiрлiк көшесінде орналасқан жеке үйде тұрады.
Іздеу жұмыстарын полицейлер мен еріктілер бірлесіп жүргізуде.
Жоғалған қыздың белгілері: орта денелі, ұзын қара шашты, бойы шамамен 165-170 сантиметр. Үстінде қара желет, қара шалбар және ақ жолақтары бар қара кроссовка болған.
Нұрсая туралы қандай да бір ақпаратты білетін адамдардан +7 (700) 911-72-92 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:59
Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен қамауға алынды (ВИДЕО)

Бүгін, 09:37
Астана-Петропавл тас жолында үш адам қаза тапты

1 тамыз, 2025
«Қаншама былық»: адвокат Мейірман Шәкеев бельгиялық қазақ Жәнібек туралы айтты

1 тамыз, 2025
Колледж студенттері психотроптық заттарды сатқаны үшін бас бостандығынан айырылды