«Бозоқ» музей-қорығында этнографиялық фестиваль өтеді
19 тамыз, 2024


коллаж Еlordaqparat
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында 31 шілде күні республикалық этнографиялық фестиваль өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
«Бозоқ аруының көрікті шашбауы» іс-шарасы ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі саналатын және тағылымы терең қазақ әшекей бұйымдарына арналған.
Қонақтарға ежелгі салт-дәстүрлердің бірі «Шолпы тағу» көрсетіледі. Сондай-ақ, фестиваль аясында белгілі ғылым, мәдениет және қоғам қайраткерлері ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталған рәсімдерді өткізеді.
«Бозоқ» – Орталық Қазақстандағы алғашқы ауқымды зерттелген ортағасырлық отырықшы ескерткіш. Музей-қорықтың ежелгі қалашығы – бүгінгі Астананың мыңжыл бұрынғы орны. Қазіргі таңда музей қорында 1242 экспонат бар.
Ұқсас жаңалықтар

31 шілде, 2025
Аргентина радиостанцияларында Димаш Құдайбергеннің 75-тен астам әні шырқалды

29 шілде, 2025
Қонаевта «Кенжем қайда?» көркем фильмінің түсірілімі жүріп жатыр

29 шілде, 2025
Димаштың әні алғаш рет Disney радиосында қойылды

28 шілде, 2025
Опера әншісі Әйгерім Алтынбек Италиядағы байқауда бас жүлдені жеңіп алды