Қазақстандық жас өнерпаз Францияда өткен байқауда бірінші орын иеленді
27 қараша, 2024


Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушысы Насыр Тарлабек баян және аккордеон аспабы бойынша CMA Trophee Mondial халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді.
Әлемнің үздік жас музыканттары бас қосатын байқау 1951 жылдан бері өткізіліп келеді.
Айта кетейік, байқауда еліміздің намысын қорғаған Насыр Тарлабек республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген өнер байқауларының лауреаты атанған.
Ұқсас жаңалықтар

31 шілде, 2025
Аргентина радиостанцияларында Димаш Құдайбергеннің 75-тен астам әні шырқалды

29 шілде, 2025
Қонаевта «Кенжем қайда?» көркем фильмінің түсірілімі жүріп жатыр

29 шілде, 2025
Димаштың әні алғаш рет Disney радиосында қойылды

28 шілде, 2025
Опера әншісі Әйгерім Алтынбек Италиядағы байқауда бас жүлдені жеңіп алды