Қазақстандық опера әншісі атақты тенормен бірге өнер көрсетті
29 маусым, 2025


Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
27-28 маусымда Помпейдегі амфитеатрда атақты тенор Андреа Бочеллидің концерті өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Концерт Andrea Bocelli Live in Concert атты гастрольдік тур аясында ұйымдастырылды.
Андреа Бочеллидің концерттерінде дәстүрлі түрде әлемге әйгілі әртістер өнер көрсетеді. Италиялық маэстро осы жолы Қазақстанның опера әншісі Әйгерім Алтынбекпен бір сахнаға шығып, дуэт орындады.
Бұл кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады. Өнерсүйер қауым үшін ұмытылмас оқиға болды.
Айта кетейік, 25 маусымда Әйгерім Алтынбек Астанада әлемге танымал тенор Хосе Каррераспен де бір сахнада өнер көрсеткен еді.
Өнерпаздардың кәсіби шеберлігі мен зор дауысы сол кеште де көрерменді бей-жай қалдырмады.
Ұқсас жаңалықтар

31 шілде, 2025
Аргентина радиостанцияларында Димаш Құдайбергеннің 75-тен астам әні шырқалды

29 шілде, 2025
Қонаевта «Кенжем қайда?» көркем фильмінің түсірілімі жүріп жатыр

29 шілде, 2025
Димаштың әні алғаш рет Disney радиосында қойылды

28 шілде, 2025
Опера әншісі Әйгерім Алтынбек Италиядағы байқауда бас жүлдені жеңіп алды